вторник, 17 сентября 2013 г.

«Естисің бе, тағдыр?»

 Аудан кітапханалары жыл сайын "Бір ел – бір кітап" акциясын өткізуге белсене қатысады. Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер жасалды.
Орталық аудандық кітапхана Тайынша қаласының мекемелерінде (Телеком, РУПС) Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған "Бір ел – бір кітап" флэш-мобын өткізді. Шараға қатысушылар акцияның эмблемасы бар футболкалар мен бейсболкалар киіп, қалалықтарға Фариза Оңғарсынованың өлеңдері жазылған бетбелгілер, өмірі мен шығармашылығы туралы бүктемелер таратты. Волонтерлер ақын өлеңдерін оқыды. Шара өзінің ерекшелігімен, әдемілігімен қалалықтардың назарын аударды.

ОАК өткізген "Естисің бе, тағдыр?" атты поэтикалық калейдоскобына мәдениет бөлімінің мамандары, жергілікті ақындар С.Голикова және Т.Давыденко және агроколледждің поэзия сүюші студенттері қатысып, Ф.Оңғарсынованың «Түстер», «Тыңдаңдар, тірі адамдар!», «Әлия мен Мәншүк жыры» және т.б. өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар М.Мақатаевтың Фаризаға арналған "Фаризажан" өлеңі оқылды.
«Фариза – ашылмаған сыр-қазына» атты кітап көрмесі жасалып, ақынның өлең жинақтары, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа газет-журнал материалдары таныстырылды.
Леонидовка ауылдық кітапханасы "Менің жаным поэзияда" әдеби қонақжайында кездесу өткізді. Әдеби-поэтикалық деректі дайындауға кітапхана оқырмандары белсене атсалысты. Оңғарсынованың өмірлік және шығармашылық жолы ақынның «Родная земля..», «Ах, как жаль, что ты уходишь..», « Разговор с историей», «Нет смысла жить», «Весна» деген өлеңдерімен бейнеленді. Қатысушылар ақынның сезімге, нәзіктікке толы махаббат туралы өлеңдеріне тәнті болды.


Тайынша ауданы

Комментариев нет:

Отправить комментарий