вторник, 17 сентября 2013 г.

«Ән мен жырдың салтанаты»

 Орталық аудандық және орталық балалар кітапханасы өткізген "Ән мен жырдың салтанаты" атты поэзия кеші Жыл кітабы – Фариза Оңғарсынованың "Дауа" атты кітабына арналды. Шараның мақсаты – оқырмандарда ақын тұлғасы туралы түсінік қалыптастыру; оның шығармашылығы арқылы сиқырлы поэзия әлемін көрсету; Ф.Оңғарсынованың азамат ақын, өз Отанының патриоты ретіндегі ұстанымын көрсету болатын. Ақын өміріне, шығармашылығына экскурс жасалды. Фариза Оңғарсынова поэзиясының басты тақырыптарының бірі – туған жерге сүйіспеншілік тақырыбы толық талқыланды.
Аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Калишева өзінің Ф.Оңғарсыноваға арнап шығарған өлеңін оқып, кештің сәнін келтірді. Галина тіпті ақынның портретін салып, ол портрет кітап көрмесін толықтырды. Шарада слайдтық тұсаукесер көрсетіліп, "Ее стихи блистают совершенством" атты кітап көрмесіне қойылған кітаптар мен материалдарға шолу жасалды. Сондай-ақ қатысушыларды Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат-парақтармен таныстырып, одан кейін олар қатысушыларға таратылды.
Шұқыркөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған «Жырларымды оқы да, ойларымды ал» деген атпен поэзия кешін ұйымдастырды. Шараға Шұқыркөл орта мектебінің оқушылары қатысып, Фариза Оңғарсынованың шығармаларын оқыды. Лирикалық әндер мен күйлер орындалып, шараның сәнін келтірді. «Жауқар жырды жүрегінде тербеген» атты көрме жасалды.
Сивково ауылдық кітапханасының кітапханашысы дайындаған «Фариза Оңғарсынованың лирикалық әлемі» атты ақпараттық сағатқа Рузаевка с. агротехникалық колледж студенттері мен оқытушылары шақырылды. Ақын шығармашылығымен толығырақ танысу мақсатында Фариза Оңғарсынова туралы слайдтық тұсаукесер көрсетілді. Шарада студенттер Фариза Оңғарсынованың "Дауа" атты лирикалық өлеңдер жинағынан ана, Отан, махаббат туралы өлеңдер оқыды. Кітапханада "Поэзия – менің өмірім" атты кітап көрмесі жасалды.
Ғабит Мүсірепов ауданы

Комментариев нет:

Отправить комментарий