вторник, 17 сентября 2013 г.

«Поэзия – өмірім менің»

  Көпшілік оқырмандарды ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру мақсатында аудан кітапханаларында төмендегі шаралар өткізілді:
Мынадай кітап көрмелері жасалды: «Әндететін жүрек үні»- «Поющие мысли  сердечных струн» (ОАК), «Ұшқыр ойдың тереңдігі» - «Острата мужественных мыслей» танысу көрмесі (Ақсуат а/к), «Өлең сөздері әуеніне құлақ түрсек» - «Прислушаясь к мелодии стихотворений» шолу көрмесі (Ленинское а/к). Көрмелерде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды. Бұл көрмелер барша оқырмандарға, ақын шығармашылығының білгірлеріне және Фариза Оңғарсынованың поэзия әлемімен енді ғана танысып бастағандарға арналды.

Аудандық кітапхананың оқу залында поэзияны сүюшілер үшін «Поэзия – өмірім менің» -  «Поэзия – жизнь моя» атты поэзия сағаты өткізіліп, шара барысында Ф.Оңғарсынова шығармашылығымен танысумен қатар, оның өлеңдерін оқуға көп уақыт бөлінді. Ақын поэзиясын сүйетіндер оның өлеңдерін беріле оқыды, ал Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен таныс емес қатысушыларға бұл ақын өлеңдерімен танысуға шақыру ретінде әсер берді.
«Бәрі де сол жайлы» - «И это все о ней» танысу сағаты Джержинское ауылдық кітапханасында жастармен өткізілді. Олар Ф.Оңғарсынованың өздері оқыған шығармалары, шығармашылығы туралы әсерлерімен бөлісті.
Ақжан ауылдық кітапханасында Фариза Оңғарсынова шығармашылығы бойынша «Сөз зергері және қарапайым әйел» - «Художник слова и просто женщина» тақырыбына әдеби сағат ұйымдастырылды. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кітапхананың белсенді оқырмандары шақырылды.
ОКЖ кітапханалары Ф.Оңғарсынова шығармашылығы бойынша библиографиялық құралдар: дайджестер, бүктемелер жасады. Өткізілген шаралардың нәтижесінде оқырмандар ақын кітаптарына тағы бір оқып шығып, өздеріне керегін алды. аудандық "Көтерілген тың" газетінде аудан кітапханаларының "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында атқарған жұмыстары туралы мақала жарияланды.


Тимирязев ауданы

Комментариев нет:

Отправить комментарий