вторник, 17 сентября 2013 г.

«Ақын жайлы сөз»

 ОАК Фариза Оңғарсыноваға және оның "Дауа" атты өлеңдер жинағына арналған "Ақын жайлы сөз" деген атпен әдеби этюд  өткізді. «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараға Булаев қаласы мектептерінің оқытушылары мен жоғары буын оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашылар жыл сайын өткізілетін "Бір ел – бір кітап" акциясы туралы айтып берді.
Шарада Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы тілге тиек етіліп,  "Дауа" және "Откровение" атты өлең жинақтарынан өлеңдер оқылды, кітап көрмесіне қойылған кітаптарға шолу жасалды.

 Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне 23 сәуір күні "Ф.Оңғарсынованың өмірі мен лирасы", "Поэзияның баурап алатын үні", "Таланттың аты бар" сияқты бөлімдерден құралған «Бір ел – бір кітап» атты суретті кітап кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Көрменің әр бөлімінде орын алған материалдар туралы әңгіме Фариза өлеңдерінен үзінділермен толықтырылды. Ф.Оңғарсынованың өлеңдері махаббат, патриотизм тақырыбына, өз Отаны үшін мақтанышқа толы, оның лирикасында табиғилық, қарапайымдылық және сұлулық бар.
Ф.Оңғарсынованың өлеңдерінің әуезділігі мен саздылығын атап өтпеу мүмкін емес, сондықтан да оның өлеңдеріне көп ән жазылған. Шарада Баймұқанов Н., Мәңгілібаев К., Тәжібаев М., Зағыпаров Т., Ф.Райымбекова ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.
 Ф.Оңғарсынованың поэзиясы туралы айта отырып, оның жарқын, айрықша таланты туралы, оны ақын, азамат ретінде әлемнің мойындауы жайлы айтпай кету мүмкін емес, бұл туралы ақынның өзі экраннан "Жүрек жарды Фариза Оңғарсынова" бейнефильмінде айтып берді. Бірегей бейнефильм кездесуге қатысушыларға Фаризаның даусын естуге мүмкіндік берді.
Жүргізушілер шараны қазақ және орыс тілдерінде жүргізіп, олардың әңгімесі слайдтармен сүйемелденіп отырды. Шараға қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері, "Ақ жаулық", «Золотая осень» клубтарының мүшелері қатысты.
 "Бір ел – бір кітап" акциясының қорытындысында «Фариза Оңғарсынованың ақындық сырлары – жастарға» оқырмандар марафоны өткізілді. 3600 секунд бойы Булаев қаласының жоғары сынып оқушылары мен жастары Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқыды. Мәнерлеп оқулар көпшілік орындарда, кітапханада, Мағжан Жұмабаев бюстінің жанындағы алаңда, аудандық "Достық" мәдениет және демалыс саябағында, №1 мектеп-гимназия жанындағы Батыр Баян бюстінің жанында, демалыс шағын бақтарында және қала көшелерінде өтті. Аға буын өкілдері де шарадан тыс қалмай, Ф. Оңғарсынованың өлеңдерін оқуға қатысты. Марафонның соңында оқу лидерлері анықталып, сыйлық ретінде кітаптар мен акцияға қатысушылардың естелік суреттері тарту етілді. Шараны өткізу кезінде "Нәзік әйел – ақын Фариза" кітап көрмесі ұйымдастырылды, қатысушыларға арнап ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бүктемелер жасалды.

Мағжан Жұмабаев ауданы

1 комментарий:

  1. Casino, Hotel, Spa, Pool, Restaurants | Southwest Florida
    Goyang Casino Resort - Book your next stay 유니 벳 at 온라인포커 Goyang's Resort 할리우드배우노출 in Las Vegas, located in South Las Vegas. Enjoy dining, 애니팡 포커 entertainment, and a night 바카라 검증사이트

    ОтветитьУдалить