среда, 18 сентября 2013 г.

«Алғашқы танысу»

Күздің шуақты күні болатын. Кейбір жерде жапырақтар сарғайып, ауа таза әрі тұнық еді. Балалар құмда ойнап отырған. Мен еңкейіп, қолыма бір уыс құм алдым. Құм алақаныма жылы, жібектей болып сезілді. Құмды қайта шашып, қолымды қақтым, сонда да құмның ұсақ түйіршіктері алақаныма жабысып қалды. Осы сәтте ойша бірнеше жыл артқа шегіндім....

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция

20 қыркүйек республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Өлеңдері жанының айнасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 

вторник, 17 сентября 2013 г.

"Жыр падишасы" - "Царица поэзии" шығармашылық портреті

 2013 жылдың 23 сәуірінде С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-да ақын Фариза Оңғарсыноваға және оның шығармашылығына арналған «Жыр падишасы» = «Царица поэзии» атты портрет-кеш өтті.
СҚМУ-дің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері сөйлеген сөздерінде Фариза Оңғарсынованың жарқын тұлға екенін тілге тиек етті. Ақын өлеңдерінен адамға, табиғатқа, туған жеріне деген нәзік, адал махаббаты сезіліп тұрады. Қаһарланса қаусыратып кететін, қайғырса қалжыратып тастайтын құдіретті ой ойқастайды. Қаламды қанжарға емес, нағыз наркескен семсерге балай алатындай сезім бет шарпиды.

Өлеңнен дауа іздеген аяулы ақын

2013 жылы Қазақстанда жаппай оқу үшін Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағы таңдалды.
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы жетінші рет өтіп отыр. Оны ұйымдастырушылар - Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Кітапханалар ассоциациясы, Оқу бойынша қазақстандық ассоциация, Қазақстанның жастар конгресі. Акцияның мақсаты – оқу мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тілге ұқыпты қарау. Акцияға қатыса отырып, көптеген қазақстандықтар ұсынылған кітаптарды оқып, олардың авторларының өмірбаянымен және шығармашылығымен танысу қажет деп санайды.

«Жырлары жасындай жарқылдайды»

 «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты кітабы бойынша «Фариза» атты жұлдыз» (ОҚК оқу залы), «Звени моя песня, звени» (№1 кітапхана), Жан дүниесі тәуелсіз ақын» (№ 2 кітапхана) атты кітап көрмелері жасалып, «Фариза өлеңдерінің поэтикасы» атты ұсыным әдебиеттер тізімі (ОҚК) шығарылды.

 Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Жасындай жарқ еткен» атты шығармашылық портреті Бірінші гимназияның оқушыларына арналып, ОҚК-нің оқу залында өтті. Жүргізуші оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі туралы, оның поэзияға келу жолы туралы әңгімелеп, «Алмас қылыш» атты поэмалар топтамасына баса тоқталды.

«Мен саған ғашық емес ем...»

 24 сәуір орталық аудандық кітапханада Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған «Мен саған ғашық емес ем...» атты поэзия кеші өтті. Шарада дарынды ақынның көп қырлы шығармашылығы туралы сөз болды, «Дауа» атты жыр жинағынан өлеңдер оқылды. Әндер орындалды, солардың ішінде, әсіресе, Фаризаның ақындық өнерін ерекше бағалаған Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты ән ерекше шырқалды. «Оның поэзиясы – халыққа қызмет ету» атты кітап көрмесі жасалды.

«Ақын жайлы сөз»

 ОАК Фариза Оңғарсыноваға және оның "Дауа" атты өлеңдер жинағына арналған "Ақын жайлы сөз" деген атпен әдеби этюд  өткізді. «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараға Булаев қаласы мектептерінің оқытушылары мен жоғары буын оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашылар жыл сайын өткізілетін "Бір ел – бір кітап" акциясы туралы айтып берді.
Шарада Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы тілге тиек етіліп,  "Дауа" және "Откровение" атты өлең жинақтарынан өлеңдер оқылды, кітап көрмесіне қойылған кітаптарға шолу жасалды.

«Ән мен жырдың салтанаты»

 Орталық аудандық және орталық балалар кітапханасы өткізген "Ән мен жырдың салтанаты" атты поэзия кеші Жыл кітабы – Фариза Оңғарсынованың "Дауа" атты кітабына арналды. Шараның мақсаты – оқырмандарда ақын тұлғасы туралы түсінік қалыптастыру; оның шығармашылығы арқылы сиқырлы поэзия әлемін көрсету; Ф.Оңғарсынованың азамат ақын, өз Отанының патриоты ретіндегі ұстанымын көрсету болатын. Ақын өміріне, шығармашылығына экскурс жасалды. Фариза Оңғарсынова поэзиясының басты тақырыптарының бірі – туған жерге сүйіспеншілік тақырыбы толық талқыланды.

“Бәрі менің есімде...”

12 сәуір күні аудандық кітапхана Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған “Бәрі менің  есімде...” атты тақырыптық кеш өткізді.  Кеште аудан орталығы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары «Стихи об отце и матери», «Воля степей», «Өлең», «Сенің махаббатың», «Сұхбат» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шараны "Поэзия падишасы" атты кітап көрмесі толықтырып, библиограф кітап көрмесінің жанында кітаптарға, газет-журнал мақалаларына шолу жасады. «Сезім болып төгілген жібек жырлар» тақырыбына дайындалған слайд көрсетілді.
  

Уәлиханов ауданы

«Поэзия – өмірім менің»

  Көпшілік оқырмандарды ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру мақсатында аудан кітапханаларында төмендегі шаралар өткізілді:
Мынадай кітап көрмелері жасалды: «Әндететін жүрек үні»- «Поющие мысли  сердечных струн» (ОАК), «Ұшқыр ойдың тереңдігі» - «Острата мужественных мыслей» танысу көрмесі (Ақсуат а/к), «Өлең сөздері әуеніне құлақ түрсек» - «Прислушаясь к мелодии стихотворений» шолу көрмесі (Ленинское а/к). Көрмелерде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды. Бұл көрмелер барша оқырмандарға, ақын шығармашылығының білгірлеріне және Фариза Оңғарсынованың поэзия әлемімен енді ғана танысып бастағандарға арналды.

«Естисің бе, тағдыр?»

 Аудан кітапханалары жыл сайын "Бір ел – бір кітап" акциясын өткізуге белсене қатысады. Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер жасалды.
Орталық аудандық кітапхана Тайынша қаласының мекемелерінде (Телеком, РУПС) Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған "Бір ел – бір кітап" флэш-мобын өткізді. Шараға қатысушылар акцияның эмблемасы бар футболкалар мен бейсболкалар киіп, қалалықтарға Фариза Оңғарсынованың өлеңдері жазылған бетбелгілер, өмірі мен шығармашылығы туралы бүктемелер таратты. Волонтерлер ақын өлеңдерін оқыды. Шара өзінің ерекшелігімен, әдемілігімен қалалықтардың назарын аударды.

«Таңымыз жолда жолықсын»

 29 наурыз ОАК-да "Қарым-қатынас" клубының аясында Ф.Оңғарсынованың "Дауа" – "Откровение" атты өлеңдер кітабына арналған «Таңымыз жолда жолықсын» атты портрет-кеш өтті.
Қатысушылар Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен танысты. Кешке қатысушылар Фаризаның ойлары мен тілегі халыққа арналғанын тілге тиек етті. Өзінің туған жерін сүйетін, өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтейтін адам ғана туған жерінің табиғаты мен туған халқына өлең арнай алады.

«Өлеңдері жанының айнасы»

«Ақын жаны қартаюды білмейді

 2013 жылдың 20 қыркүйегінде С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында ақын шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтіп, шараға қала мұғалімдері және СҚО бойынша ПКБА ҚДИ-ға біліктілік арттыру курстарына келген облыс мектептерінің мұғалімдері, №10 мектептің оқушылары; білім бөлімі; М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері мен оқытушылары қатысты.
Залда Мақпал Жүнісованың орындауында Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Фаризажан» өлеңі шырқалып, тыңдаушыларды шоқтығы биік өнер түрі – поэзия әлемі баурап алды.

«Күнді тосу…»

Аудандық кітапхананың оқу залында   «Күнді тосу…» атты поэзия сағаты өтті. Шараға кітапхана оқырмандары, аудан орталығы мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Қатысушылар көпшілікке белгілі, сүйікті ақын Ф.Оңғарсынованың өмірлік және шығармашылық жолымен танысты.
Мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш», «Полдневный жар» жинақтарынан, кітап көрмесіне қойылған «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды», «Антология детской литературы» «Беташар» атты жинақтардан өлеңдер оқыды. Шараға қатысушылар да Ф.Оңғарсынованың сүйіп оқитын өлеңдерін оқып, ақын шығармалары туралы пікірлерімен бөлісті.

Қызылжар ауданы

«Мен – әйелмін, соныммен мақтанамын»

"Бір ел – бір кітап" акциясын өткізу аясында ОАК-да аудан орталығы жастарымен дөңгелек үстел өткізілді, оның мақсаты Фариза Оңғарсынова шығармашылығымен таныстыру болатын. Кітапханашы ақын шығармашылығының негізгі тақырыптары: махаббат пен жек көру, қайсарлық пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық тақырыптарына әдеби серуен жасауды ұсынды. Ақынның лирикалық өлеңдері, махаббат лирикасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Ф.Оңғарсынова шығармашылығын танымал еткен дәл осы өлеңдері. Дөңгелек үстелге қатысушылар барлық айтылған сөздердің қорытындылай отырып, ақын шығармашылығын орыс ақындары А.Ахматова мен М.Цветаеваның шығармашылығымен салыстыруға болады деген шешімге келді. Бұл әйелдердің шығармашылық шабыты мен сөз құдіреті бірдей. "Мен – әйелмін, соныммен мақтанамын" атты суретті кітап көрмесі жасалды.

Жамбыл ауданы

«Ақын жебесі - Стрела поэзии»

2013 жылдың 10 қыркүйегінде орталық аудандық кітапхананың оқу залында "Дауа" кітабы бойынша Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Ақын жебесі - Стрела поэзии» атты әдеби-поэтикалық портрет-кеш өтті. Бұл кешке "Атамекен" клубының мүшелері, орта мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, "Дауа" кітабынан өлеңдер оқыды, "Ақын әлемі" викторинасына қатысты. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Шараға "Поэзия – менің жаным" слайдтық тұсаукесері мен "Поэзияның әйел бейнесі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның соңында баспа өнімдері – Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған парақшалар, бетбелгілер, ұсыным тізімдер таратылды.

«Фариза Оңғарсынованың өмірлік поэзиясы»

 Аудандық кітапханада "Фариза Оңғарсынованың өмірлік поэзиясы" деген атпен поэзия сағаты өтті. Шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар, кітапхана оқырмандары бүгінгі күні Қазақстанның ең танымал авторларының бірі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен танысты. Ақын шығармашылығының негізгі тақырыптары – махаббат пен жеккөрініш, қайсарлық пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Ақын өлеңдерінің көбін өзінің туған ауылына, жерлестеріне арнаған.

«Жыр – менің жалғыз тарланым»

 Орталық аудандық кітапханада ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған поэзия сағаты өтті. Үлгілі ауылдық кітапханасында «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты әдеби кеш өткізілді.
Алқатерек ауылдық кітапханасында «Поэзия падишасы» атты әдеби кеш өткізілді.  Кітапханашы оқырмандарға қазақ поэзиясының тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Оқушылар арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысында ақынның көптеген өлеңдері оқылды.

Ақжар ауданы

«Жыр маржаны – Фариза Оңғарсынова»

 15 мамыр күні аудандық кітапхананың оқу залында "Поэзия падишасы" атты поэзия кеші өтті. Кешке мектептер және агротехникалық колледж оқушылары мен оқытушылары шақырылды. Кешті ұйымдастырушылар ақын шығармашылығы туралы айтып, слайдтар көрсетті, ақын шығармашылығы арқылы сиқырлы поэзия әлемін көрсетуге тырысты. Өлеңдер оқылды. Кешке қонақ ретінде қатысқан жергілікті ақын Тайлақ Жалмурзенов өзінің ақынға арнаған өлеңдерінен үзінділер оқыды.