вторник, 17 сентября 2013 г.

«Жырлары жасындай жарқылдайды»

 «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты кітабы бойынша «Фариза» атты жұлдыз» (ОҚК оқу залы), «Звени моя песня, звени» (№1 кітапхана), Жан дүниесі тәуелсіз ақын» (№ 2 кітапхана) атты кітап көрмелері жасалып, «Фариза өлеңдерінің поэтикасы» атты ұсыным әдебиеттер тізімі (ОҚК) шығарылды.

 Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Жасындай жарқ еткен» атты шығармашылық портреті Бірінші гимназияның оқушыларына арналып, ОҚК-нің оқу залында өтті. Жүргізуші оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі туралы, оның поэзияға келу жолы туралы әңгімелеп, «Алмас қылыш» атты поэмалар топтамасына баса тоқталды.

Шарада сөз сөйлегендер ақын өлеңдерінің әр шумағынан қынаптан суырған алмас қылыштай қайсар шабыт жарқ ете қалатын, әр жолынан сарт-сұрт найзағайдай сорғалап шаншылар өжет намыс өрекпіп тұратынын тілге тиек етті. Шараның соңында «Фариза» атты жұлдыз» кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалды.

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша №2 кітапханада №20 орта мектептің жоғары буын оқушыларымен «Асқақтық пен рухты аялаған жыр» атты әдеби кеш өтті.
 Шараға қатысушылар «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихымен танысып, былтырғы жылдары акция бойынша шығармалары оқылған авторлар туралы қысқаша мағлұмат алды. Одан кейін Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен толығырақ танысты. Ақын өлеңдерінің көбі өзінің туған ауылына, жерлестері мен барша қазақстандықтарға арналғаны айтылды. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтілік пен азаматтылық тән, ақын өлеңдері өз ұлтыңды, оның дәстүрлері мен мәдениетін сүюге және құрметтеуге шақырады. Ақын өлеңдері оқылды. «Фариза Оңғарсынова» атты слайд-тұсаукесер көрсетілді.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада «Жырлары жасындай жарқылдайды» деген тақырыпта поэзия сағаты өтті. Жүргізуші шараға қатысушыларды ақынның өмірбаян деректерімен, оның шығармашылығымен таныстырды. Қазақ және орыс тілдерінде «Ей, адамзат!» «Нас немало», «Разгул цивилизованного шума» және т.б өлеңдері оқылды. Оқу залында «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты кітап көрмесі жасалды. Көрмеге баспа өнімдерінен басқа Ф.Оңғарсынованың «Таңдамалы шығармалар жинағы» аудиотаспасы қойылды. Шараның негізгі идеясы – ақындардың көп болмайтындығы, себебі нағыз ақын  өлең жазатын адам ғана емес, ол – әулие, сөз шебері және батыл өмірлік ұстанымы бар Фариза Оңғарсынова осы образға сәйкес келеді.
Фариза Оңғарсынова шығармашылығы бойынша акция мәресіне жетуге жақын, алайда ақын поэзиясына деген қызығушылық біразға дейін жалғасады деп сенгіміз келеді.

Петропавл қаласының ОКЖ 

Комментариев нет:

Отправить комментарий