среда, 18 сентября 2013 г.

«Алғашқы танысу»

Күздің шуақты күні болатын. Кейбір жерде жапырақтар сарғайып, ауа таза әрі тұнық еді. Балалар құмда ойнап отырған. Мен еңкейіп, қолыма бір уыс құм алдым. Құм алақаныма жылы, жібектей болып сезілді. Құмды қайта шашып, қолымды қақтым, сонда да құмның ұсақ түйіршіктері алақаныма жабысып қалды. Осы сәтте ойша бірнеше жыл артқа шегіндім....

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция

20 қыркүйек республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Өлеңдері жанының айнасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 

вторник, 17 сентября 2013 г.

"Жыр падишасы" - "Царица поэзии" шығармашылық портреті

 2013 жылдың 23 сәуірінде С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-да ақын Фариза Оңғарсыноваға және оның шығармашылығына арналған «Жыр падишасы» = «Царица поэзии» атты портрет-кеш өтті.
СҚМУ-дің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері сөйлеген сөздерінде Фариза Оңғарсынованың жарқын тұлға екенін тілге тиек етті. Ақын өлеңдерінен адамға, табиғатқа, туған жеріне деген нәзік, адал махаббаты сезіліп тұрады. Қаһарланса қаусыратып кететін, қайғырса қалжыратып тастайтын құдіретті ой ойқастайды. Қаламды қанжарға емес, нағыз наркескен семсерге балай алатындай сезім бет шарпиды.

Өлеңнен дауа іздеген аяулы ақын

2013 жылы Қазақстанда жаппай оқу үшін Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағы таңдалды.
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы жетінші рет өтіп отыр. Оны ұйымдастырушылар - Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Кітапханалар ассоциациясы, Оқу бойынша қазақстандық ассоциация, Қазақстанның жастар конгресі. Акцияның мақсаты – оқу мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тілге ұқыпты қарау. Акцияға қатыса отырып, көптеген қазақстандықтар ұсынылған кітаптарды оқып, олардың авторларының өмірбаянымен және шығармашылығымен танысу қажет деп санайды.

«Жырлары жасындай жарқылдайды»

 «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты кітабы бойынша «Фариза» атты жұлдыз» (ОҚК оқу залы), «Звени моя песня, звени» (№1 кітапхана), Жан дүниесі тәуелсіз ақын» (№ 2 кітапхана) атты кітап көрмелері жасалып, «Фариза өлеңдерінің поэтикасы» атты ұсыным әдебиеттер тізімі (ОҚК) шығарылды.

 Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Жасындай жарқ еткен» атты шығармашылық портреті Бірінші гимназияның оқушыларына арналып, ОҚК-нің оқу залында өтті. Жүргізуші оқушыларға Ф.Оңғарсынованың өмірі туралы, оның поэзияға келу жолы туралы әңгімелеп, «Алмас қылыш» атты поэмалар топтамасына баса тоқталды.

«Мен саған ғашық емес ем...»

 24 сәуір орталық аудандық кітапханада Ф.Оңғарсынова шығармашылығына арналған «Мен саған ғашық емес ем...» атты поэзия кеші өтті. Шарада дарынды ақынның көп қырлы шығармашылығы туралы сөз болды, «Дауа» атты жыр жинағынан өлеңдер оқылды. Әндер орындалды, солардың ішінде, әсіресе, Фаризаның ақындық өнерін ерекше бағалаған Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты ән ерекше шырқалды. «Оның поэзиясы – халыққа қызмет ету» атты кітап көрмесі жасалды.

«Ақын жайлы сөз»

 ОАК Фариза Оңғарсыноваға және оның "Дауа" атты өлеңдер жинағына арналған "Ақын жайлы сөз" деген атпен әдеби этюд  өткізді. «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараға Булаев қаласы мектептерінің оқытушылары мен жоғары буын оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашылар жыл сайын өткізілетін "Бір ел – бір кітап" акциясы туралы айтып берді.
Шарада Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы тілге тиек етіліп,  "Дауа" және "Откровение" атты өлең жинақтарынан өлеңдер оқылды, кітап көрмесіне қойылған кітаптарға шолу жасалды.