вторник, 17 сентября 2013 г.

«Таңымыз жолда жолықсын»

 29 наурыз ОАК-да "Қарым-қатынас" клубының аясында Ф.Оңғарсынованың "Дауа" – "Откровение" атты өлеңдер кітабына арналған «Таңымыз жолда жолықсын» атты портрет-кеш өтті.
Қатысушылар Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен танысты. Кешке қатысушылар Фаризаның ойлары мен тілегі халыққа арналғанын тілге тиек етті. Өзінің туған жерін сүйетін, өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтейтін адам ғана туған жерінің табиғаты мен туған халқына өлең арнай алады.
Ақынның лирикалық, азаматтық өлеңдері оқылды.

Бірақ көбінесе махаббат тақырыбына арналған өлеңдері оқылды. Кештің қонақтары ақынның өлеңдерін аудиожазба арқылы өз аузынан да тыңдады, ақынның қазақ және орыс тілдерінде шыққан "Сандуғаш", "Мелодия", "Нежность", "Озарение" және т.б. сияқты өлең жинақтарымен танысты. "Откровение" атты бір кітап көрмесі жасалды.
«Фариза» атты жұлдыз" тақырыбымен поэзия кеші Беловка ауылдық кітапханасында өтті. Кешке 9-11 сынып оқушылары мен "Сударушка" әйелдер клубының мүшелері қатысты. Шараға қатысушылар қазақстандық жазушының өмірімен және оның шығармашылығымен танысты. Сөз сөйлегендер Фаризаның ешкімге ұқсамайтындығын тілге тиек етті. Ол - Абай Құнанбаев пен Мұқағали Мақатаевтың ақындық дәстүрлерін жалғастырушы. Ақын поэзиясының негізгі тақырыптары – туған жерге деген махаббат, туған жердің табиғатын мақтаныш тұту, лирикалық сезімдер. Қазақ әдебиетінің мұғалімі Қасенов А.И. ақын диапазонының кеңдігін атап өтіп, Қазақстанның ақындарына, соның ішінде Фаризаға да арналған өлеңдерін оқыды. 9-сынып оқушылары Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш музыкалық нөмірлермен толықтырылып, домбырамен күй тартылды. «Звени моя песня, звени!» кітап көрмесі жасалды.

Мамлют ауданы 

Комментариев нет:

Отправить комментарий