среда, 18 сентября 2013 г.

«Алғашқы танысу»

Күздің шуақты күні болатын. Кейбір жерде жапырақтар сарғайып, ауа таза әрі тұнық еді. Балалар құмда ойнап отырған. Мен еңкейіп, қолыма бір уыс құм алдым. Құм алақаныма жылы, жібектей болып сезілді. Құмды қайта шашып, қолымды қақтым, сонда да құмның ұсақ түйіршіктері алақаныма жабысып қалды. Осы сәтте ойша бірнеше жыл артқа шегіндім....
Мен ол кезде тоғызыншы сыныпта оқитынмын, әдебиет сабағында әдебиет пәнінің мұғалімі Анна Сергеевнаны мұқият тыңдап отырғанмын. Анна Сергеевна бізге реферат жазып келуді тапсырды. Саған, Вера, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы туралы жазып келуді тапсырамын, - деді маған. Мен абыржып қалдым, өйткені поэзияны сүймейтінмін, әрі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен де таныс емес болатынмын. "Олай болса, танысасың» - деді Анна Сергеевна, - сыныптың алдына шығып сөйлейсің". Сөйтіп мен кітапханаға келдім. Ақ шашты егде жастағы кітапханашы маған сыртында көк оюы бар кішкентай ақ кітапты ұсынды. Мен шағын креслоға ыңғайланып отырып, қолымдағы кітапты аштым. Жинақ «Озарение» деп аталады екен, кітаптың аты менің сол кездегі көңілкүйіме және жағдайыма сәйкес келді. Ақын жырларынан тұңғиық сыр, тұнжыр мұң, өжет арман, өр рух есіп тұрады екен.

«Подобьем грохоту копыт
Вблизи души, как близ аула,- что буря? – время пролетит
Я рада! Я – частица гула.
И  кажется могу к луне, приблизиться и упоенно
Ночь осветить родной земле, чтобы весь мир смотрел влюбленно»


Фаризаның өлеңдері еріксіз иландырады, олар сенің жүрегіңнің қағысымен үндеседі... Ақынның шығармалары даналыққа толы, бірақ ол ақыл үйретпейді, оның өлеңдері адамның жүрегіңе жол табатындай және Фариза ойын ашық, бүкпесіз айтуға қорықпайды.


«Тогда- то
И вышло солнце, но его лучей
Твои объятья были горячей,
и я не знала, что со мной творилось,
и новых чувств прозрачнейший кристалл
в груди со сладкой болью прорастал,
и стала я тобой  - ты мною стал».
«Я вижу звезды над тобой,
Ты подо мной  - цветы,
Твои объятия тесны –
Тепло от тесноты».

Ақын өлеңдері бейнелі теңеулерге  толы, кейде көңілге аздап мұң ұялатады, бірақ үнемі өмірдің қаншалықты тамаша екенін дәлелдейді.

«Ты ползучими сплетнями, милый, подавлен,
Многолетними вязкими слухами сбит.
Если ты унываешь, то я и подавно,
И любовь, как старушка за спицами, спит
Будет мир, полный счастья, - невзгоды ничтожны.
Что молва нам, невинным, чья совесть чиста?!
Позабудь тех завистников, злых и дотошных,
Их с пути повернула кривая верста».

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығында нәзіктік пен ынтықтық, жалынды көңіл толқынысы үйлесім тапқан. Фариза өте нәзік жан, бірақ оның жырларынан қайсарлық пен жігер аңғарылады. Оңғарсынованың лирикасы сыртқы бейнесі жағынан замандастарының да, өзінен кейінгілердің де лирикасына ұқсамайды. Фариза Оңғарсынова  қазақ әдебиетінің классигі. Ол нәзік және көркем ойларымен ерекшеленеді.

Фариза Оңғарсынова қазақ ұлттық әдебиетін жалғастырушы, оның шығармашылығы  қазақ әдебиетіне мықтап енді.

Фаризаның өлеңдер жинағы менің сүйікті жазушыларым Гоголь, Цвейг, Бернс, Асадов, Джен Остен және Маргарет Митчеллдермен бірге кітап қоятын сөремнен орын алды. Фаризаның жырларын оқыған сайын менің көз алдыма құзарт шыңның басына барып қонақтаған жаннат алқаптағы мұңлы шынар мен кәусар бұлақтың сұлулығы мен мөлдірлігі келеді.



Вера Кладницкая

Комментариев нет:

Отправить комментарий