вторник, 17 сентября 2013 г.

«Өлеңдері жанының айнасы»

«Ақын жаны қартаюды білмейді

 2013 жылдың 20 қыркүйегінде С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясының аясында ақын шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтіп, шараға қала мұғалімдері және СҚО бойынша ПКБА ҚДИ-ға біліктілік арттыру курстарына келген облыс мектептерінің мұғалімдері, №10 мектептің оқушылары; білім бөлімі; М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері мен оқытушылары қатысты.
Залда Мақпал Жүнісованың орындауында Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Фаризажан» өлеңі шырқалып, тыңдаушыларды шоқтығы биік өнер түрі – поэзия әлемі баурап алды.

«Бәрі есімде» фильмінен көрсетілген үзінділер нәзік, келбетті, даусы аздап қарлығыңқы Фаризаның жанды бейнесін  көз алдымызға әкеліп, ақын бізбен бірге залда отырғандай әсер қалдырды.
Конференцияны жүргізушілер Қазақстанда жетінші рет өткізіліп отырған «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы қысқаша айтып берді. Соңғы акциялар М.Жұмабаев пен Оралхан Бөкеевке арналса, биыл Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты өлеңдер жинағын оқылды.
Фариза Оңғарсынова ақын, әйелдер поэзиясының негізін салушы ретінде ғана емес, қоғам қайраткері ретінде де танымал. Ол алғашқы болып М.Цветаева, А.Ахматованың дәстүрін жалғастырып, махаббат тақырыбына қалам сілтеді. Оның өлеңдері жаныңды баурайды. Ақындардың бәрі бірдей адамдардың таза және мейірімді қарым-қатынасы; жауапсыз махаббат мұңы мен киелі достық сияқты тақырыптарды біріктіре алмайды.
Оның өлеңдері өте әуезді, сондықтан ақынның көптеген өлеңдеріне әндер жазылды. Солардың кейбірін біз авторының кім екенін білмей, бірнеше жылдар бойы тыңдап келеміз. Кейбіреулер оларды тіпті халық әндері деп санайды. Осы жөнінде филология ғылымдарының кандидаты, СҚМУ Тіл және әдебиет институты қазақ филологиясы кафедрасының доценті Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызы сөз сөйледі.
«Әр ақынның өз дәстүрі бар. Фаризаның музасы көп қырлы. Олар - ауылдан алған әсерлері, ауыр жағдайларда аман қалу және бүгінгі күннің ақиқаты. Филология ғылымдарының кандидаты, СҚМУ Тіл және әдебиет институтының орыс филологиясы кафедрасының доценті Ағыбаева Сабина Советқызы өз сөзінде Оңғарсынованың поэзиясын М.Жұмабаев поэзиясымен салыстырды.
Педагогикалық еңбек ардагері К.Ж.Рахметова поэзияны мектепте оқыту шеберлігі туралы айтып беріп, Фаризаның өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Тайынша ауданының Петровка орта мектебінің мұғалімі Вдовина Зинаида Тагировна шараның құрметті қонағы болды. Ол конференцияға шалғай ауданнан келіп қатысуға келісімін берді. Оның әңгімесі өте қызықты болды, себебі ол Фариза Оңғарсыновамен жақын таныс, Солтүстік Қазақстанда орыс тілді оқырманға ақын поэзиясын алғашқы болып таныстырған адам. Ақынмен кездесулері туралы, оның Петровка орта мектебінде әдеби кешке қатысқаны жөнінде айтып берді. Бұл бүкіл Тайынша ауданы үшін айтулы оқиға болды.
Бұдан кейін конференцияға қатысушылар ҚР еңбегі сіңген әртісі Анатолий Владимирович Наргеленастың жетекшілік етуімен келген өнер колледжінің актерлік бөлім студенттерінің орындауында қазақ және орыс тілдерінде ақын өлеңдерін тыңдады.
«Кейбіреулер бүгін алғаш рет Фариза Оңғарсынованың шығармашылығмен танысты. Ол – ерекше, ешкімге ұқсамайтын ақын. Айрықша тұлға. Өлеңдерінің көбі Қазақстан туралы» - деді Қызылжар ауданының Новокаменка ОМ қазақ тілді сыныптарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Августинская Светлана Иосифовна «Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге Ф.Оңғарсынова шығармашылығының әсері» тақырыбына сөйлеген сөзінде.
Светлана Иосифовна өзі де қазақ тілін жақсы біледі. Қазақ тілінде бірнеше өлең оқыды.  «Орыс тілді оқырман ақын өлеңдерінің аудармасын ғана біледі. Оның жинақтары мен ол туралы кітаптар аз шығатынын аңғардым. Оңғарсынова поэзиясы мектеп бағдарламасына неге енгізілмеген?»
Педагогикалық еңбек ардагері, кітапхананың белсенді оқырманы Жолудева Елена Васильевна өзінің математика пәнінің мұғалімі екенін, бірақ поэзияны қатты жақсы көретінін айтты. Өзінің Фариза Оңғарсынованың поэзиясымен қалай танысқанын айтып берді. Ж астарды ақындардың шығармашылығымен танысуға шақырды.
Бүгін біз тағы бір мәрте поэзия әлеміне ендік. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий