вторник, 17 сентября 2013 г.

"Жыр падишасы" - "Царица поэзии" шығармашылық портреті

 2013 жылдың 23 сәуірінде С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-да ақын Фариза Оңғарсыноваға және оның шығармашылығына арналған «Жыр падишасы» = «Царица поэзии» атты портрет-кеш өтті.
СҚМУ-дің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері сөйлеген сөздерінде Фариза Оңғарсынованың жарқын тұлға екенін тілге тиек етті. Ақын өлеңдерінен адамға, табиғатқа, туған жеріне деген нәзік, адал махаббаты сезіліп тұрады. Қаһарланса қаусыратып кететін, қайғырса қалжыратып тастайтын құдіретті ой ойқастайды. Қаламды қанжарға емес, нағыз наркескен семсерге балай алатындай сезім бет шарпиды.

Өнер колледждерінің студенттері ақынның көптеген өлеңдерін оқыды. кітапхана оқырманы – педагогикалық еңбек ардагері Е.В.Желудева «Акция» өтетіні туралы жарнаманы көріп, қатысуға бел буғанын айтты. Елена Васильевна Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен танысыпты. Ақын өлеңдері оған шабыт бергенін айтты. Кеште ол өлең оқып, ақын өлеңдерінің әуезді екенін атап өтті. Интернетте Фариза туралы көп қызықты материал тауыпты.
Ерлі-зайыпты Тәжиндер Оңғарсынованың өлеңдеріне жазылған бірнеше ән орындады. Сәуле Тәжина М.Мақатаевтың «Фариза» атты өлеңіне жазылған арнау әнін орындады.
Кеште «Фариза» фильмінен үзінділер көрсетілді, белгілі эстрада әншілерінің орындауында әндер шырқалды.
Шараға қазақ және орыс тілдерінде «Өлең жазу табиғаттың баға жетпес сыйы» атты кітап көрмесі жасалды.
Шараға зиялы қауым, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, СҚО бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, Петропавл қалалық білім бөлімі, №43 мектеп, кітапхананың оқырмандары қатысты.

С.Мұқанов атындағы ОӘҒК сайтында ақын өмірі мен шығармашылығына арналған «Фариза Оңғарсынованың лирикасы» атты шолу дәріс орналастырылды. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий