вторник, 17 сентября 2013 г.

«Жыр маржаны – Фариза Оңғарсынова»

 15 мамыр күні аудандық кітапхананың оқу залында "Поэзия падишасы" атты поэзия кеші өтті. Кешке мектептер және агротехникалық колледж оқушылары мен оқытушылары шақырылды. Кешті ұйымдастырушылар ақын шығармашылығы туралы айтып, слайдтар көрсетті, ақын шығармашылығы арқылы сиқырлы поэзия әлемін көрсетуге тырысты. Өлеңдер оқылды. Кешке қонақ ретінде қатысқан жергілікті ақын Тайлақ Жалмурзенов өзінің ақынға арнаған өлеңдерінен үзінділер оқыды.

«Өкінішке орай, бүгінгі күні поэзияны жанына жақын тұтатындар аз», - деп атап өтті ақын. Уақыт өте келе нағыз поэзияға деген қызығушылық қажеттілікке айналатынына сенгіміз келеді».
 Дәуқара ауылдық кітапханасында "Жыр маржаны – Фариза Оңғарсынова" тақырыбымен "Шабыт" клубының отырысы өтті. Клуб мүшесі, облыстық Мағжан оқулары байқауының жеңімпазы Қоңқаев Мұхаммед ақынның лирикалық шығармаларынан үзінділер оқыды, Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер орындалды.



Айыртау ауданы

Комментариев нет:

Отправить комментарий