вторник, 17 сентября 2013 г.

«Ақын жебесі - Стрела поэзии»

2013 жылдың 10 қыркүйегінде орталық аудандық кітапхананың оқу залында "Дауа" кітабы бойынша Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Ақын жебесі - Стрела поэзии» атты әдеби-поэтикалық портрет-кеш өтті. Бұл кешке "Атамекен" клубының мүшелері, орта мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, "Дауа" кітабынан өлеңдер оқыды, "Ақын әлемі" викторинасына қатысты. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Шараға "Поэзия – менің жаным" слайдтық тұсаукесері мен "Поэзияның әйел бейнесі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның соңында баспа өнімдері – Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған парақшалар, бетбелгілер, ұсыным тізімдер таратылды.

17 мамыр күні Ильинка ауылдық кітапханасында ерекше және қызықты шара – «Өлең жолдарында – жүрегінің үні …» атты әдеби-поэтикалық коллаж өткізілді.
Шараға қатысушылардың әрқайсысы алдын ала карточкаға жазылған тапсырмалар мен сол тапсырманы орындау бойынша кітапханашының кеңесін алды. Осы тапсырмалардың әрқайсысы әдеби-поэтикалық коллажды құраушы бөлік болуы тиіс еді. Тапсырмалардың бәрі де шығармашылық сипатта болды: Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқу, сол өлеңдерді жеке парақтарда көркем безендіру, суретші-иллюстрациялаушы ретінде Оңғарсынованың өлеңдеріне сурет салу, Интернеттен ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша фотоматериал іздеп тауып, шығарып әкелу, Ф.Оңғарсынова өмірі туралы шағын эссе жазу.  Осылайша қатысушылар әдеби-поэтикалық коллажды құрастыруға кірісті. Алдымен «Фариза Оңғарсынованың нәзік жаны мен қаламы» деп аталған эссе оқылды. Эссе дайындаған қатысушы оны кітап сөресіне жапсырды. Бұдан кейін әрбір қатысушы эссенің жанына өз материалын орналастырды. Осылайша, шараның соңында қатысушылардың қолымен жасалған «Өлең жолдарында – жүрегінің үні…» атты коллаж-көрме дайын болды.

Чириковка ауылдық кітапханасында «Сөз шебері және қарапайым әйел» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алып, бүгінгі күні Фариза Оңғарсынова Қазақстанның оқырманы көп авторларының бірі екенін білді. Оның шығармашылығы әдебиет саласында ғана емес, музыка саласында танымал: оның өлеңдерінің көбіне ән жазылып, жарты ғасыр бойы қазақ эстрадасында шырқалып келеді. Поэзия кешінде ақынның белгілі өлеңдері оқылды. Шараға "Халықтың жаны мен ойы" атты кітап көрмесі жасалды.



Есіл ауданы

Комментариев нет:

Отправить комментарий