вторник, 17 сентября 2013 г.

«Фариза Оңғарсынованың өмірлік поэзиясы»

 Аудандық кітапханада "Фариза Оңғарсынованың өмірлік поэзиясы" деген атпен поэзия сағаты өтті. Шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар, кітапхана оқырмандары бүгінгі күні Қазақстанның ең танымал авторларының бірі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен танысты. Ақын шығармашылығының негізгі тақырыптары – махаббат пен жеккөрініш, қайсарлық пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Ақын өлеңдерінің көбін өзінің туған ауылына, жерлестеріне арнаған.

Аудандық газеттің тілшісі Т.П.Борисова өзінің ақын өлеңдерімен қалай танысқанын және ақын өлеңдерін оқыған сайын оның қаншалықты талантты екеніне көзі жететінін айтты. Татьяна Петровна балаларға көп оқуға, сол арқылы өздерінің ақыл-ойы мен ішкі жан-дүниесін байытуға, білімдерін жетілдіруге кеңес берді.
«Халық деген тылсым бір» = «Одно дыхание с народом» көрмесінің тұсаукесерінде ақынның кітаптары туралы, әсіресе "Дауа" атты өлеңдер жинағы туралы сөз болды. Бұл жинаққа Ф.Оңғарсынованың ең үздік шығармалары енгізілген. Көрмеде "Дауа" жинағынан басқа «Шілде», «Нежность», «Полдневный жар», «Тревоги», «Гончая птица», «Жүрек күнделігі» жинақтары, "Алмас қылыш" атты өлеңдер мен поэмалар жинағы да орын алды. Шараның соңында оқушылар ерекше шабытпен ақын өлеңдерін оқыды.
«Библиорейс» акциясын ОАК Смирнов селосының тұрғындарын оқуға шақыру, "Бір ел – бір кітап" акциясымен таныстыру мақсатында өткізді. Ол үшін Ф.Оңғарсынованың кітаптары іріктелді. Осы кітаптар туралы айтылып, оларды оқуға ұсыныс жасалды.     
Аққайың ауданы

Комментариев нет:

Отправить комментарий